Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қарақат Әбден Ақтөбе қаласындағы штаб өкілдерімен кездесті

   ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің Ақтөбе қаласындағы сайлауалды кездесулері жалғасуда.

     0008Бүгін үміткер осы өңірдегі сайлауалды штабының өкілдерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары бойынша жиын өткізді.
    «Ақтөбе қаласындағы сайлауалды штабына сайлаушылар сауалдары мен ұсыныстарын белсенді жолдауда. Бұл қуантарлық жағдай. Сондай-ақ халықаралық сайлау байқаушылары жолдаған сұрақтармен де жұмыс жүргізілуде. Жалпы, ел өңірлерінде 20 штаб жұмыс істейді, 2000 жуық ерікті жұмылдырылған. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін үлкен аудандық орталықтарда да штабтар ашылған», - деп мәлімдеді Қ.Әбден.
Айтарлығы үміткер  Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз, Семей, Павлодар, Талғар, Есік қалаларының тұрғындарымен сайлауалды жиындарды өткізді. Алдағы уақытта оның Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысы сайлаушыларымен кездесу өткізуі жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521