Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АМӨЗ қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге біркүндік жалақыларын аударады

Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, табиғи апаттың зардаптарын жою жұмыстарына қатыспақ.

Атап айтқанда, кәсіпорын ұжымы Атырау облысының су тасқынынан жапа шеккендерге қаржылай көмек ретінде біркүндік еңбекақыларын аударады.

Сондай-ақ «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Абзал Досжановтың тапсырмасымен арнайы штаб пен 150 зауыт жұмысшыларынан тұратын жұмылдыру жасағы құрылып, облыс әкімдігімен бекітілген аумақта су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады.

Сонымен қатар АМӨЗ арнайы техникалар, жеке қорғаныс құралдары мен өзге де құрал-саймандармен қамтамасыз ететін болады. Қажет болған жағдайда халықты эвакуациялау үшін көлік құралдарын жұмылдыруға да дайын.

Бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ зауыт арқылы Жылыой ауданына 20 тонна дизель отынын жөнелтті. Бұдан бөлек АМӨЗ Махамбет ауданына жанар-жағармай сақтауға арналған сыйымдылықтар мен жағалауды қорғау жұмыстары үшін қажетті құрал-жабдықтар жіберетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT