Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АМӨЗ Халықаралық бағдарламалар орталығымен меморандумға отырды

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтың тапсырмасымен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.

Екі жақты келісімнің мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан «500 ғалым» жобасы аясында кәсіпорын қызметкерлерінің ғылыми тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етіп, «Болашақ» бағдарламасы аясында кадрлардың біліктілігін арттыру.

«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаев атап өткендей, іскерлік ынтымақтастық зауыттың инженерлік-техникалық қызметкерлеріне әлемнің үздік зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтуге, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе жинақтауға көмектеседі. Тағылымгерлердің меңгерген дағдыларын іс жүзінде қолдану арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік болады.

«Халықаралық тәжірибені зерделеу мен өндіріске енгізу мұнай өңдеу секторын дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Тағылымдама біздің мамандарға шетелдік әріптестерінің бай тәжірибесін меңгеруге, озық технологияларды игеріп, оларды зауытқа енгізуге мүмкіндік береді», - деді Ғ.Жусанбаев.

Меморандум аясында Халықаралық бағдарламалар орталығы зауыт мамандарына кураторлық қолдау көрсетудің арнайы механизмін жасақтайды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Әлия Оспанованың сөзінше, қазіргі таңда еліміздің энергетика және өнеркісіп саласында білікті кадрларға тапшылық айқын байқалады. Сол себепті Орталық инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлуде. Бағдарлама қатысушыларының алған білімдері мен тәжірибелері еліміздегі цифрлық трансформация мәселелерін шешуге және экономиканың негізгі секторларының дамуына көмектеседі.

«Мамандардың біліктілігі күн сайын артып, жаңа технологиялар сағат сайын іске қосылып жатқан заманда кадрлардың кәсіби шеберліктерін жетілдіріп, өндіріске жаңа шешімдерді енгізудің маңызы зор. Бұл тек кәсіпорынның тиімділігіне ғана емес, сонымен қатар еліміздің экономикасына да тікелей әсер етеді, - деді Ә.Оспанова.

Кездесу соңында тараптар табысты ынтымақтастыққа сенім білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT