Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмылдыру жасағы Қайыршақты ауылдық округінің Томарлы (Теңдік) елді мекені тұсындағы Жайық өзенінің жағасын көтеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Зауыт жұмысшыларынан құралған еріктілер 5000 дана қапшыққа топырақ толтырып, өзен жағалауын бекітуде. Бөгеттің ұзындығы 1,5 км, ал биіктігі 3 м болмақ. Жұмыстар жүріп жатқан аймаққа шатыр, биодәретхана мен қолжуғыштар орнатылып, электрогенератор, техникалық және ауыз су, 150 дана күрек пен 250 дана қолғап жеткізілді. Бал соғу жұмыстарына «АМӨЗ» ЖШС және мердігер компаниялар 18 бірлік арнайы техника бөліп, зауыттың 250-ден астам қызметкері жұмылдырылды. Томарлы елді мекенінің тұрғындары да шет қалмай, еріктілерге белсенді түрде көмектесуде. Аталған аймақтағы шараларды тез арада аяқтау мақсатында бөгет салу жұмыстары түнгі уақытта да жалғаспақ. «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Абзал Досжанов қауіптің алдын алу шараларының жүру барысын тексерді. Талқылау барысында зауыт басшысы АМӨЗ-дің арнайы штаб өкілдеріне техника санын көбейтіп, жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.