Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АМӨЗ бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады

Атырау мұнай өңдеу зауытында бас директор Ғалымжан Жусанбаевтың еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті.

Зауыт басшысы жиналғандарға I жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштерін таныстырып, жыл соңына дейінгі басты міндеттерді нақтылады.

Бандамада Ғалымжан Жусанбаев су тасқынына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимінің зауыт жұмысына кері әсері болмағанын атап өтті. Алғашқы алты айда кәсіпорында 2 млн 911 мың тонна шикі мұнай өңделді. Тауарлық өнім шығару көлемі 2 млн 632 мың тоннаны құрады, оның ішінде автобензиндер – 786,8 мың. тонаа; дизель отыны – 879,9 мың. тонна; әуе отыны – 95,3 мың. тонна; сұйытылған газ – 106,0 мың. тонна. Өңделген шикізаттың жалпы көлемінің 68,6%-ы ашық түсті мұнай өнімдеріне тиесілі. Бірінші жартыжылдықта АМӨЗ-де жазатайым оқиғасыз 12 млн астам адам/сағат тіркелді. Еңбек қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша компания үш МӨЗ-дің ішінде бірінші орында тұр. Ғ.Жусанбаев экологиялық көрсеткіштерге де ерекше назар аударды. Қаңтар-маусым аралығында АМӨЗ атмосфераға 5 357 тонна ластаушы заттар шығарды. Бұл 16 224 тоннаны құрайтын шекті көрсеткіштен 3 есе аза. Tazalyq жобасына келер болсақ, биыл мамыр айында механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау аяқталды. Қазір тазарту кешені толық қуатында жұмыс істеуде. Булану алаңдарының 3 және 4 секторларын рекультивациялау жұмыстары әзірге тоқтап тұр. АМӨЗ бен Атырау облысы әкімдігі арасында зауыттан шығатын ағынды суларды қалалық кәріздік тазарту стансасына жіберу туралы келіссөздер жалғасуда.

Баяндама соңында Ғалымжан Жусанбаев зауыттықтарды алға қойылған тапсырмаларды ойдағыдай орындау үшін бар күш-жігерді салуға шақырды. Кәсіпорын басшысы ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес биыл шикі мұнай өңдеу көлемін 5 млн 500 мың тоннаға жеткізудің маңызды екенін атап өтті.

«Күзде жыл сайынғы жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстары жүргізіледі. Жауапты қызмет басшыларынан даярлық шараларына және негізгі жөндеу жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды тапсырамын», – деді Ғ.Жусанбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521