Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

AMANAT: Сайлауалды бағдарлама аясында тағы бір дене шынықтыру- сауықтыру кешені іске қосылды

 «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы, Ақай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Сенат депутаты Руслан Рүстемов, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай кешендердің көбейгені халықты спортпен шұғылдануға ынталандыратынын атап өтті. 

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз» деген болатын. Тұрғындар спортты күнделікті өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендердің саны артып келеді. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады», - деді облыс басшысы.

Рәсімде Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салып, ел игілігіне табыстаған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT