Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«AMANAT» партиясы референдумды қолдау Республикалық штабының жұмысын қорытындылады

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау Республикалық партия штабының жұмысын қорытындылады.

Партия жанынан  Парламент Мәжілісінің Төрағасы, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Штабқа Парламент депутаттары, зиялы қауым, мәдениет, спорт, жастар өкілдері және т.б. кірді. Аймақтарда облыстық және аудандық деңгейдегі штабтар құрылып, республика бойынша барлығы 218 штаб жұмыс істеді.

Партияның баспасөз орталығында өткен брифинг барысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов пен Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Павел Казанцев ақпараттық-түсіндіру науқанының нәтижелері туралы айтты.

«AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде үгіт-насихат жұмысына бірінші күннен бастап белсенді түрде кірісіп кетті. Республикалық штаб құрылды. Оған партия Төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік етті. Аймақтарда 217 штаб жұмыс істеп, 12 мыңнан аса үгіт-насихат шарасы өтті. Барлық кездесулер еркін, ашық форматта жасалды.  Біз олардың санына емес, сапасына мән бердік.

Конституциялық өзгерістерді  халыққа түсінікті тілмен жеткізуге тырыстық. Кеше азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашақ даму жолына қатысты шешім қабылдады. Осы арқылы еліміз Жаңа Қазақстанның іргетасын қалады. Алда көп жұмыс, үлкен міндеттер тұр», – деді Асхат Оралов.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Павел Казанцевтің айтуынша, депутаттық корпустың алдында заңшығарушылық қызмет бойынша ауқымды жұмыс тұр.

«12 мамыр мен 3 маусым аралығында депутаттар еліміздің аймақтарындағы 1 204 елді мекенге барып, барлық сала өкілдерінен тұратын 120 мыңға жуық адамның қатысуымен 2,5 мыңнан астам кездесу өткізді. Кездесулер бейресми, сенімді түрде, ашықтық пен айқындық жағдайында өтті. 6 мыңнан астам өтініш пен ұсыныс қаралып, партия мен Үкімет тарапынан пысықталғаннан кейін азаматтарға баяндалатын болады», – деді Павел Казанцев.

Жалпы, Республикалық партиялық штаб мүшелері 6 мамырдан 3 маусымға дейін үгіт-насихат жұмыстары аясында 12,7 мың іс-шара өткізді. Олар шалғай елді мекендердің, ауылдардың, қалалардың тұрғындарымен, жастармен, мұғалімдермен, кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті.

Дауыс беру күні «AMANAT» партиясының 28 мыңға жуық өкілі еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру барысы заңдылығының сақталуын қадағалады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521