Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛТЫН КӨПІР...

Абайдың аты аталса мүдіріп қалмайтын қазақ деген ғажап ұлттың өкіліміз. Биылғы тойланып жатқан Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, әртүрлі шаралар, мақалалар жарық көруде.

Соның бірі де бірегейі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы. Мақаладағы «Абай Құнанбайұлы тұлғасы да – сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір», деген теңеуі асқан шеберлік. Мақалада Елбасы Абайдың білімдарлығы әр қазақтың сауатын ашатын, білім нәрін құятын құнды жәдігерлер екендігін тілге тиек етіп, өзі білім алған тағылымды дүниелерді паш етеді.

Шындығында, қазақтың қазақ екендігін, «Қараңғы қазақ көгіне күн болған» Абайдың мол қазынасы екендігі сөзсіз. Мазмұны мен ауқымы жағынан ешбір жазушы теңесе алмайтын Абай шығармаларының сан алуандылығы, шындықтың қамытын киіп, қарапайым халықтың бар болмысын аша білген. Осы тұста, Елбасы мақаласында: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...».

Бұл – Абайдың мәңгі жасайтын қағидасы. Мұның ғажайып үлгісін мен қаршадайымнан көзбен көріп өстім. Шамалған ауылында зұлмат заманның тауқыметін тартып, сонау жер түбінен еріксіз қоныс аударып келген түрлі ұлт өкілдері жапсарласа күн кешіп, қоян-қолтық араласа өмір сүрді. Олардың арасында месхет түріктері, шешендер, ингуштар, украиндар, немістер, қарашайлар бар еді. Біз өзіміз құралпы басқа жұрт балаларын еш жатсынбай, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай сезініп, құлын-тайдай тебісе жүріп жетілдік», - деп бауырмалдық, адамгершілік тұрғысынан да Абайдың әр сөзінде үлкен мән жатқандығын айқындайды.

Ендеше, бала кезімізден жадымызға сіңген Абайдың асқақ рухы биіктей түсуі үшін барша қоғам болып, болашақ ұрпақтың игілігіне жететіндей, олардың жастанып оқитын құндылығы Абайдың мұрасын жас ұрпаққа аманаттауымыз қажет деп есептеймін.

Жауқаш ТҰРДАҒАЛИЕВ,

ауданның Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521