Бүгін Алматы қаласында қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді.
Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желідегі бейнежазбалардан Алматы тұрығындары үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шығып жатқанын байқауға болады