Өткен аптада аудан әкімі Қ.Әзмұхановтың тапсырмасына сәйкес, аудандық аудандық кәсіпкерлік бөлімі мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес төрағасы, ауыл тұрғындары, учаскелік полиция инспекторларымен бірге Миялы, Жангелдин, Ойыл ауылдық округтерінде алкоголь өнімді сататын нысандарға қоғамдық бақылау жүргізді.
Кешкілік уақытта заңсыз сату мәселесін болдырмау мақсатында өткізілген мониторинг барысында алкоголь өнімдерін сату ережесіне сәйкес заңнама талаптарын қатаң сақтау ескертілді.
Айта кетейік, аудан бойынша 46 азық-түлік дүкенінде алкоголь өнімдерін сатуға арналған лицензия бар. Аудандық полиция бөлімінің өкілдері сол кәсіп иелеріне сатуға тиым салынған уақытта сөрелерден алып тастау немесе арнайы қорғаныш құралдарын пайдалану секілді қағидаларды ескеру керектігін жеткізді. Полиция инспекторы Батыржан Оңдасын: «Жыл басынан бері алкоголь өнімдерін заңсыз сатушылар кездеспеді. Алайда кәсіпкерлік нысандарда бейәдеп қылық танытқандар бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді», дейді.