Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 669-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Б.Ә.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Б.Ә. өндіріп алушы Г.П.-ның пайдасына кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы Қызылқоға аудандық сотының сот бұйрығын орындамай, бүгінгі күнгі берешегі 584 821 теңгені құраған.
Сот отырысында Б.Ә. мән-жайды растап, қазіргі таңда жұмыссыз жүргенін, сол себепті сот актісін орындай алмағанын, алдағы уақытта жұмысқа орналасып, алимент төлеуге міндеттенетінін айтып, өзіне қатысты жеңіл жаза тағайындауын сұрады.
ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамауы жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, ... әкеп соғады.
Сот қаулысымен, азамат Б.Ә. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі