Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АҚШ Иран мұнайына жаңа шектеулер енгізді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ санкциялық тізіміне «көлеңкелі флоттың» бірнеше танкері мен жүздеген миллион долларға иран мұнайын сатып алған қытайлық мұнай өңдеу зауытын қосты, деп хабарлайды BBC. 

BBC мәліметінше, Трамп Иранды ядролық және зымырандық бағдарламаларын қысқарту бойынша келіссөздерге мәжбүрлеуге тырысып жатыр. Жақында ол елдің жоғарғы көшбасшысы Аятолла Әли Хаменейге хат жолдап, бас тартқан жағдайда әскери араласу болатынын ескертті. Алайда әзірге жауап келмеді. Сонымен қатар, Трамп Таяу Шығыстағы Иранның «қарсыласу осінің» негізгі бөлігі саналатын йемендік хуситтерге соққы жасауға бұйрық берді.

Бұған дейін АҚШ Иран мұнайының Қытайға жеткізілуіне қарсы санкциялар енгізгені хабарланған еді. Сондай-ақ, биыл ақпанда АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар жариялады. Иран Трампқа ядролық қару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуден бас тартқан еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT