banner_damu

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қайырлы таң құрметті жерлестер! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Бұл — қайырымдылық пен ізгілік әдеттегіден ерекше салтанат құратын кез. Сондықтан Құрбан айт бағзыдан әлсізге қорған болып, жетім-жесірді жебейтін ұлтымыздың қанына біткен қайырымдылық дәстүрлерімен әдемі үндеседі.

Мемлекетіміз келісім мен ынтымақ, тұрақтылық пен бейбіт даму сынды құндылықтарды ту етіп ұстап келеді. Құрбан айт мейрамы ел бірлігі мен рухани тұтастығымызды нығайтуға да елеулі үлес қосуда. Атымтай жомарттарымыз мұқтаждарға көмектесу мен жақсылық жасаудан жаңылған емес.

Пандемия өршіп тұрған кезде көптеген қайырымдылық іс-шаралар жасалды. Ел үшін істеліп жатқан бұдан өзге де игі істер көп. Осындай жақсылықтарға бастамашы болып, қолдау көрсетіп жүрген жерлестеріме шынайы ризашылығымды білдіремін.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, құрбандық шалу рәсімдері кезінде сақтық шараларын ұстанып, карантин талаптары шеңберінде орындауға шақырамын!

Құрметті жерлестер, Қасиетті мейрамда жасаған ізгі амал- ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Әрбір отбасына амандық, береке, ал елімізге бірлік пен тыныштық тілеймін!

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика