Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады»,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдармен өңірдің оннан астам азаматы жүгінді. Тұрғындардың негізгі сауалдары баспана мәселесі, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында қойылды.

Жылыойлық жеке кәсіпкер М.Қ. Құлсары қаласынан құрғақ ұнтақтан сүт өнімдерін шығаратын зауыт ашқысы келетінін жеткізді. Ол төменгі  пайызбен субсидия алу жолдарын түсіндіруді сұрады.

«Аталған зауытқа құрал-жабдықтар алдырту үшін шетелге тапсырыс бергім келеді. Бірнеше компания технологтарын жіберіп, жұмыс барысын үйретуге әзір екендігін айтты. Сонымен қатар, сиырлар алып, өсіру де жоспарым бар»,-деді ол.

Бұл сауалға Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат субсидия бөлудің заңдылықтарын жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту мәселесі бойынша жүгінген Г.П. студент баласын жұмысқа орналастыруға ықпал етуді сұрады.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов студент болғандықтан жұмыссыздық бойынша есепке тіркеле алмайтындығын түсіндірді.

Қабылдау барысында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов азаматтардың арыз-шағымдарына дәйекті жауап беріп, мәселелерді заң шеңберінде шешуді тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі бұл жергілікті атқарушы органдардың маңызды міндеті екенін айтып, тиісті сала басшыларына көтерілген мәселелерді мұқият бақылуда ұстауды тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT