Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Айкөркем - чемпионат жүлдегері

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен аптада Атырау қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «WorIdskiIIs Atyrau-2021» облыстық чемпионаты ұйымдастырылды.

Жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына назар аудару, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында өткен чемпионатқа Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінен ІІІ курс студенттері Айкөркем Сағынбай (аспаз ісі мамандығы бойынша), Мэльс Жоламан (дәнекерлеу мамандығы бойынша), Мақсат Есенқұл (жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану мамандығы бойынша) қатысып, бақтарын сынады.

Нәтижесінде, Айкөркем Сағынбай ІІІ орынды иеленіп, колледж ұжымының абыройын асқақтатты. Айкөркемді білім сайысындағы жеңісімен құттықтап, алға қарай да биіктерден көріне беруіне тілекшіміз. Бұл ретте, студенттерді аталмыш чемпионатқа дайындаған сарапшылар, өндірістік оқыту шеберлері Д.Досмағамбетова, Х.Шыңбаев, Ғ.Тілепбайлардың еңбегі зор екенін айта кеткен жөн.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521