Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Айгүл Орынбек: Қайырымдылық қорының кейбірі қандай мақсатта құрылғаны белгісіз

Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда құқыққорғаушы Айгүл Орынбек жалған қайырымдылық ұйымдарының көбейіп кеткенін айтып, оларға тосқауыл қоюға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

«Өкінішке қарай, қайырымдылық қорының атын жамылғандардың барлығы адал жолмен жүріп, шынайы мақсаттарға қызмет етіп жүр деп айта алмаймыз. Тек Kaspi қосымшасында 358 қайырымдылық қоры электронды түрде жылу жинау үшін тіркелген. Қордың кейбірі қандай мақсатта, не үшін құрылғаны белгісіз. Басшылары да көрсетілмеген», - деді құрылтай мүшесі.

Заңгер қор жұмыстарының жауапкершілігін күшейту мақсатында заңға тиісті өзгертулер енгізуді ұсынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT