Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЙДОСТЫҢ АДАЛ КӘСІБІ

Сурет ғаламтордан алынды

Биыл елімізде "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануы – қоғам үшін маңызды әрі өзекті қадам. Бұл тек экономика мен өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен бірге жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңғыртуға бағытталған. Осы ретте, «Адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына уақытында жеткізетін қасиеті – еңбекқорлық.

Таңның атысынан күннің батысына дейін маңдай тері жіпсігенше жұмыс жасап, нәпақа табу – әр адамның өмірлік міндеті» деп өзінің өмірлік ұстанымын қалыптастырған жандардың бірі – миялылық кәсіпкер Айдос Ғабдуллин. Ол алғашында жолаушы тасымалдаумен айналысып, кейін тұрғын үйінің жанынан көлік жөндеу орнын ашады. Бұл кәсіпті қолға алғанына он шақты жылдың көлімі болғанын айтқан ол халықтан сұраныстың жоғары екені тілге тиек етті.

– Жасап жатқан кәсібіміз кішкене ғана болса да еңбегімізді ақтайды. Бұл іспен інім екеуміз айналысамыз. Көлік жөндеумен қатар пластикалық есік-терезе жасау ісінде қолға алып, дамытып келеміз. Аудан орталығынан цех, көлік жөндеу орталығын аштық. Қазір заман дамыған. Барлығында көлік бар. Бірақ, техника болған соң бұзылмай тұрмайды. Сол уақытта біздің көмегімізге жүгінеді, – дейді кейіпкеріміз.

Халық сұранысымен қатар заман талабына сай қызмет етіп отырған кәсіпкердің ісі көпке үлгі. Өйткені, айдап жүрген темір тұлпары бұзылса болғаны аудан жұртшылығы қолы шебер, ісіне мығым Айдосты іздейтіні анық. Ал, оның уақытпен санаспай күндіз-түні бұзылған көлікті жөндеп, алғыс арқалап өз нәпақасын тауып жүргені сүйсіндіреді. Қазіргі қоғамда екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүрген жұмыссыз жастар Айдостай еңбекқор азаматтардан үлгі алса игі дейсің. Ал, бұл қадам жұмыссыздар санын азайта түсетіні анық.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

Қызылқоға ауданы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT