Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Аида Балаева Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 3-ші Бас Ассамблеясына қатысушылармен кездесті

Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылы Қазақстан Республикасының Одаққа төрағалығы аясында ұйымдастырылған Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 3-ші Бас Ассамблеясы қатысушыларымен кездесті.

Жиынға Түркі елдерінің іскерлік сала өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Р. Баталов («Атамекен», Қазақстан), М. Кәрімсақов (Сыртқы сауда палатасы, Қазақстан), Б. Әмреев (Түркі инвестициялық қоры), М. Башқұрт (Түркі әлемі муниципалитеттер одағы), А. Кула (Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы), В. Зейналов (Әзербайжан), М. Бакиров (Қырғызстан), М. Гурдов (Түрікменстан), А. Шайхов (Өзбекстан) және басқа да өкілдер болды.

Кездесу барысында Түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ қатысушы елдердің іскерлік топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Аида Балаева Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының жалпытүркілік экономикалық мүдделерді ілгерілету мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға арналған маңызды әрі тиімді алаң екенін атап өтті. Сондай-ақ сауда-өнеркәсіп палаталарының бизнес-қоғамдастықтар арасында тікелей диалог орнатуда және мемлекетаралық келісімдерді нақты экономикалық жобаларға айналдыруда шешуші рөл атқаратыны сөз етілді.

Сондай-ақ одаққа мүше елдер арасындағы инвестициялық әріптестікті дамытуға ықпал ететін Түркі инвестициялық қорының жұмысын жандандыру қажеттігі талқыланды.

Түркітілдес елдердегі туризм мен туристік саланы дамыту, көлік-логистикалық бағыттарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперация, цифрландыру және инновациялық шешімдерді, оның ішінде жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне айрықша мән берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Түркі мемлекеттері ұйымы аясында экономикалық интеграцияны одан әрі нығайтуға және серіктес елдермен практикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін растады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT