Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АГРОСЕКТОР – ЭКОНОМИКА ТІРЕГІ

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҰДАЙЫ ЖЕТІЛДІРІП ОТЫРУДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АЛАР ОРНЫ ЕРЕКШЕ. БҰЛ БАҒЫТТА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖОЛДАУЫНДА САН МӘРТЕ ТОҚТАЛЫП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҮНЕМІ МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА БОЛЫП, ТИІСІНШЕ ҚОЛДАУЛАР КӨРСЕТІЛІП ОТЫРАТЫНЫН АЙТҚАН БОЛАТЫН. СОНДАЙ ҚОЛДАУЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЕЖЕЛДЕН АТАКӘСІПТІ ТҰРМЫСЫНА ТІРЕК ЕТКЕН АУДАНЫМЫЗДА ДА АЙТУЛЫ ІС ТЫНДЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәмбетқали Құсайыновтың сөзінен ұққанымыздай, өткен жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 108,0 пайызды құрады немесе 12 млрд. 99 млн 600 мың теңгеге жетті. Алдыңғы жылы 11 575,3 млн. теңге болған еді. Президент Жолдауында саланы жан-жақты дамыту мақсатында агро өнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту өте маңызды міндет екенін баса айтқан болатын.

Мәселен, былтыр ауданда ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 250, 5 млн теңгені құрады. Мұның ішінде мал шаруашылығына 7 млрд 827, 3 млн (2023 жылы 6 млрд 596 ,4 млн) инвестиция тартылған. Ауыл шаруашылығының өркендеуі азық - түлік қауіпсіздігіне әсер ететіні анық. Сондықтан мол өнім жинап, оның тұтынушыға қолжетімділігін бақылау маңызды. Осы ретте әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларының бағасына және қорына күнделікті мониторинг жүргізу дағдыға айналғанын айтады мамандар. Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бірге және Батыс Қазақстан облысы мен Атырау қаласының кәсіпкерлерін тарту арқылы былтыр 54 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, қолжетімді бағамен тұтынушыларға ұсынылды. Нәтижесінде 28,3 млн. 423 мың теңгенің өнімі сатылды. Бұл да болса қазіргідей қымбатшылық қысып тұрған кезеңде тұрғындар үшін үлкен көмек болғаны даусыз. Десек те, былтыр көктемдегі су тасқыны егін шаруашылығы саласы үшін де өз салқындығын тигізген. Жалпы ауданның 28 шаруа қожалығы және жеке секторларды қоса алғанда барлығы 623 гектар жерге егін егіліп, 4 млрд 204,2 млн теңгенің өнімі алынған. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 4 млрд 860 миллион 7 мың теңге болған еді. Осы су тасқынының салдарынан аудандағы 4 егін шаруашылық өз мақсаттарына жете алмағанын да айта кетейік. Әрине, мал бағу оңай шаруа емес. Оның да жем-суы болмаса, күйі кетері анық. Әсіресе, қыстан басын аман алып шығу үшін ала жаздай қажетті жем- шөбін жинауға шаруалар да, жергілікті билік те бір кісідей атсалысады. Сала жетекшісі Мәмбетқали Жолдасқалиұлының айтуынша, 67000 тонна шөп және 9200 тонна құрама жем дайындалса, қыстақтарға жеткізілген. Аудан бойынша барлығы 4 суару - суландыру жүйесі орналасқан. Шаруагерлерге су беруде қиындық болмаған. Айталық, ұзындығы 105 шақырымды құрайтын «Бағырлай» және ұзындығы 51.7 шақырымды құрайтын «Құрайлысай» каналдарына 2023 - 2025 жылдары аралығында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 80.5 шақырымдық «Ақсай» каналына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілсе, 64.7 шақырымды құрайтын «Алғабас-Жорық» каналына жай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталған. Осы орайда канал суының құны жыл сайын өсіп келе жатқанын да жасыра алмаймыз.

– Судың тарифі 2023 жылы – 29,73 теңге, 2024 жылы 40,77 теңге болса, биыл 44,21 теңгеге өсіп отыр. Мұның өзі шаруагерлер үшін қиындық туғызады. Аталған мәселе бойынша тиісті орындарға ұсыныс берілді, – дейді сала басшысы Мәмбетқали Құсайынов.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2024-2027 жылдарға арналған 3 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Айталық, индерборлық жеке кәсіпкер Ерлан Меңдешов аумағы 80 шаршы метрді құрайтын жерге мал сою пунктін салып, жыл соңында аяқтаған. Ал «Асыл - Агро» шаруа қожалығы Жарсуат ауылына қарасты Жаманқұдық учаскесінде қуаттылығы 500 жылқы малын бордақылау алаңын салған. Осындай жұмысты есболдық «Шыңғыс» шаруа қожалығы атқаруды жоспарлап отырған көрінеді.

С.КӨШЕКОВ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT