Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЭС: сенімді энергия көзі

Атом энергетикасы төңірегінде алыпқашпа әңгіме де, нақты дәйекке негізделген тұжырым да алды-артымызды орап тұр.

Арасынан ақиқатын ашып алу оңайға сірә, соқпайды. «World Nuclear News» (Дүниежүзілік ядролық қауымдастық) мәліметі бойынша, 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Франция, Германия, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ-та 13 500 адамға онлайн-сұрау жүргізілген. Бәрі де атом энергетикасын айрықша қолдаған, әсіресе Польша, Франция, Швециядағы қолдау көрсеткіші өте жоғары болыпты. Таяуда «Financial Times» басылымы әлемнің ірі банктерінің ядролық энергетиканы қолдағаны туралы ақпаратты жария етті. Басылымның хабарлауынша, 14 ірі әлемдік банк пен қаржылық мекеме ядролық энергетикаға көрсететін қолдауларын арттыруға уәде беріп отыр. Бұл қадам атом электр стан¬саларының жаңа толқы¬нын қар¬жыландыруға жол ашпақ делі¬неді мақалада. Нақтылап айтқанда, «Bank of America», «Barclays», «BNP Paribas», «Citi», «Morgan Stanley», «Goldman Sachs» 2050 жылға дейін әлемдік ядролық энергетика қуатын үш еселеуге уағдаласқан. Мұндай мақсат алғаш рет COP28 (БҰҰ-ның климат өзгерісі бойынша конференциясы) климаттық келіссөзінде айтылып, міндеттелді. Қаржы ұйымдары нақты қан¬дай қолдау көрсететінін мәлімдей қоймаған, сарапшылардың айтуын-ша, олардың осылай ауызша жария¬лауының өзі төмен көміртекті энер¬гетикаға көшуде сектордың (қаржы секторының – ред.) маңызды рөл ойнайтынын аңғартады. Шыны керек, ядролық жоба¬лардың тым күрделі һәм қымбат болуы әлемде жаңа электр стан-саларының құрылысын бастауға кедергі болып келді. Сөйтіп, өткен ғасырдың 70-80-жылдарында Батыс елдерінде бірқатар реактор салынғаннан кейінгі қарқын бір¬шама баяулап қалды.

Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың басқар¬ма мүшесі Джордж Боровастың сөзінше, бұл жағдай ойын тәртібін өзгертеді. Осыған дейін банктерге саяси тұрғыдан жаңа ядролық жобବларға қолдау көрсету қиынға соғып келді. Оның үстіне тәуе¬кел деңгейі тым жоғары болған¬дық¬тан, ядролық жобаларды қар-жыландыруға жүрексінетін. Енді олар ядролық компанияларға жобалық қаржыландыру беру, тікелей несиелеуді арттыру, облигация сатылымын ұйымдастыру, компанияларға жеке капиталға немесе несие қорларына қолже¬тімді ету арқылы көмектесе алады. «BNP Paribas»-тың мәлімдеуінше, әлем елдері ядролық энергетиканы пайдаланбай көміртегі бейтараптығына қолжеткізе алмайды. «Әлемдегі соңғы жаңа атом электр стансаларының көбі Қытай, Таяу Шығыс және Азияда салынды. Дамыған елдердің үкіметтері атом энергиясы нөлдік шығарынды¬¬лар бойынша міндеттеменің ше¬шімі болуы мүмкін деп мәлімдей бастады. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Швеция, Біріккен Араб Әмірліктері COP28-дің қуатты үш еселеу туралы міндеттемесіне қол қойғандардың қатарында болды. Ядролық энергетика Big Tech тарапынан да қолдау тапты. Big Tech ядролық энергия көзін деректерді өңдеу орталығын қуаттандырудағы ең төмен көміртекті шешім деп қарастырып отыр. Жұма күні «Microsoft» Пенсильваниядағы Три-Майл-Айленд АЭС-індегі 835 мегаваттық ядролық реакторды қайта іске қосу туралы «Constellation Energy»-мен 20 жылдық келісімге келгендерін мәлімдеді. Бұл реактор пайдаланудан шығарылудың аз-ақ алдында тұрған-ды», деп жазады «Financial Times».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT