Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЭС салуға іргелі өзгеріс қажет

Адам іс-әрекеті нәтижесінде парниктік газдың шығарылуы климатты нашарлатып, ауаны ластайды. Сондықтан әр ел электр энергиясын өндіру мәселесін қоршаған ортаға зиянсыз технологияға көшіруге тырысады.

Табиғи уран өндіруде әлемдік өндірістің 50%-дан астамын өндіретін елміз. Біздегі кен орындарының бірегейлігі – оны ұңғымада жерасты шаймалау (ЖАШ) әдісімен игеруге мүмкіндік бар. МАГАТЭ классификациясына сүйенсек, біздегі уран кен орындарының көпшілігі рулон типті құмтас кен орны санатында. «Елдегі энергия өндірісінің шамамен 70%-ы көмірге негізделген электр стансаларынан алына¬ды. Бұл еліміздің энергетикалық жүйесі көмірге тәуелді екенін көрсетеді. Ал гидроэнергетика үлесі шамамен 10%-ды құрайды. Мұнай мен газ өндіру де маңызды, бірақ оның көп бөлігін экспортқа жібереміз. Жаңартылатын энергия көздері де дамып жатыр, алайда жалпы үлесі әзірге аз. Осы тұрғыдан алғанда, АЭС салу елдің энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, уран қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жоба ұзақмерзімді экономикалық пайда әкеліп, экологиялық жағынан таза энергия көзі бола алады. Сонымен қатар АЭС тұрақты энергиямен қамтамасыз етіп, жаңартылатын көздерге қосымша ретінде қызмет етеді. Технологиялық даму мен халықаралық ынтымақтастықты күшейту де маңызды артықшылықтар қатарында. Алайда қауіпсіздік пен қалдықтарды басқаруға ерекше назар аудару қажет», дейді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Амангелдіқызы. «Halyk Finance» басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірхановтың айтуынша, ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізіп отырған 4 негізгі проблема бар. «Елдегі электр энергиясының тапшылығы аймақтарға біркелкі бөлінбеген. Көмір зауыттары мен электр желі¬лерінің жоғары тозуына байланыс¬ты елде электр қуатымен қамтамасыз ету тиісті деңгейде сенімді емес. Төмен тарифтерге байланысты электр энергетикасы саласындағы бизнес рентабельді емес, бұл ағымдағы жөндеуге, жаңа қуаттар мен желілерді салуға инвестицияларды айтарлықтай қысқартады. Мемлекеттің жеке бизнестің орнына электр энергетикасына инвестицияларды қаржыландыруға қосымша қаражаты жоқ. Өкінішке қарай, бұл мәселелер 20 жылға жуық уақыт бойы шешімін таппай келеді. Қазір де мемлекет тарапынан оларды шешудің нақты реформалық бағдарламасы жоқ», дейді. Электр энергетикасы саласында жеке инвестицияның өте төмен деңгейімен байланысты терең проблема жинақталып қалды. Кейінгі 10–15 жылда электр, жылумен жабдықтау саласында ағымдағы жабдықтар мен ғимараттарды жөндеуге, жаңартуға қаражат жетпейтін болды. Бұл ретте мемлекет қана жаңа генерациялауға, электр беру қуаттарын салуға инвестиция құйып жатыр. Сондықтан салада негізгі қордың өте жоғары тозу деңгейі байқалады. Бұл облыс пен республикалық деңгейдегі дағдарысқа әкеліп соқтырады. «Үкіметтің стратегиялық құжаттарында негізгі сұрақтың жауабы түсініксіз: елде электр энергетикасын дамытуды қалай қаржыландыру керек?

Оны екі сұраққа бөлуге болады: Салаға жеке инвестицияны қалай тартуға болады? Егер жеке инвестиция келмесе, мемлекеттік бюджет тапшылығын ескере оты¬рып, электр қуатын өндіру қуатын арттыру қалай қаржыландыры¬лады? 2023–2029 жылға арналған тұжырымдамада электр энергетикасын дамытуға қатыс¬ты үш маңызды мәселе қарастырылмаған: Негізгі қордың тозуын азайту мен электр энергиясы тап-шылы¬ғын жоюға қанша инвестиция қажет?

Бұл инвестицияны кім, (мемлекет, жеке бизнес) қалай қаржыландырады? Жеке инвесцицияны тарту мен ин¬вестиция қайтарымы, рента-бельділігін қамтамасыз етуге электр энергиясы тарифін қанша көтеру керек? Құжат осы сұрақ-тарға жауап беруге тиіс еді», деп ойын жалғады М.Темірханов. Сарапшы пайымынша, АЭС салу туралы бастама – дұрыс шешім, дегенмен құрылысты бастамас бұрын электр энергетикасында түбегейлі, қайтымсыз реформалар жүргізу қажет. «Ұлттық ядролық орталық» РМК Астана филиалының директоры Майра Мұқышеваның айтуынша, әлемнің дамыған озық елдері атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды же¬дел¬д-етіп жатыр. Ұлттық ядро¬лық орталық¬тың (ҰЯО) негізгі құзыреттерінің бірі – атом энергетикасының қауіп¬сіздігіне қатыс¬ты тың зерт¬теулер жасау. Орталық ғалымдары жүргізген зерттеулер нәтижесі ядро¬лық техно¬логиялардың ірі өндіру¬шіле¬рінде үлкен сұранысқа ие. Мысалы, CORMIT жобасы аясында алынған ғылыми дерек¬тер Жапонияда жұмыс істеп тұрған АЭС-те белсенді аймақтың арнайы балқыту тұзақтарын салу кезінде сәтті іске асырылды. Ядролық орталық IV буын реакторларының қауіпсіздігі саласында таяу болашақта атом энергетикасының негізіне айналатын сұйық металмен салқындатылған жылдам нейтрон¬дардағы реакторлардың үлкен көлемін анықтауда ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. «Қазір Ядролық физика инс¬титутында білікті, тәжірибелі мамандар, инженерлік-техни¬калық персоналды йондаушы сәулелену көздерімен жұ¬мыс істеуді ұйымдастыру әдістеріне, атом энергиясын пайдалану саласындағы қолданыстағы нор¬малар мен қа¬ғида¬ларға сәйкес йондаушы сәулелену көздерімен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларына, радиа¬циялық жағдай¬дағы жұмыс¬тарды ба¬қы¬лауға оқы¬татын Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы жұ¬¬мыс істейді. Соны¬мен қатар 2016 жы¬лы Үкімет бас¬тамасымен АҚШ Энер¬гети¬ка министрлігінің Ядролық қауіп¬сіздік жөніндегі ұлттық әкімші¬лігі¬нің қолдауымен институт базасын¬да Ядролық қауіп¬¬сіздік жөніндегі оқу орталы¬ғы ашылған. Бұл орталық МАГАТЭ ядролық физикалық қауіп¬¬¬сіз¬¬дік саласындағы оқыту және қыз¬мет¬ке жәр¬демдесу ор¬тବлық¬та¬рының халық¬ара¬лық же¬лі¬сіне кіреді», дейді Ядролық фи¬зи¬ка институтының аға ғылы¬ми қызмет¬кері, PhD Дмитрий Шлимас. Мысалы, Ядролық физика инс¬ти¬тутының Астана фи¬лиବ¬лында ядролық жол мембрана¬ларын өндіруге бастап¬қы материал ретінде пайдаланылатын сәу¬лелендірілген полимерлі пленка өн¬ді-рісі жолға қойылған. Ол жоғары технологиялық өнім¬дерді өндіруге негіз болады. Олар көпфункционалды, тіпті медицина мен нанотехнология саласында да жиі сұранысқа ие. Инс-титут сонымен қатар радио¬фармацевтикалық препарат¬тардың бірнеше түрін шыға¬рып, республикалық емдеу мекеме¬леріне жеткізеді. «Қазақстандық атом электр стансалары» ЖШС жетекші ин¬женері Асуан Сиябековтің сөзін¬ше, еліміздің бұл салада өте үлкен ғылыми әрі кадрлық әлеуеті бар. Ұлттық ядролық орталық пен кәсі¬би ортада көпке жақсы таныс Ядролық физика институты табысты жұмыс істейді. Оның айналасында ғылыми зертханалар мен зерттеу орталық¬тары шоғырланған. Атом сала¬сын¬дағы мамандарды төрт жетек¬ші жоғары оқу орны даярлайды. 2010 жылдан бас¬тап «Бо¬лашақ» бағдарламасы аясын¬да «Атом өнеркәсібі», «Атом ядросы мен бөлшектерінің физикасы», «Техникалық физика» (Атом электр стансалары мен қондыр¬ғылары), «Ядролық инженерия» бағытында мамандар даярланды», дейді маман. Еуразия ұлттық университеті Ядро¬лық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының докторанты Нұргүл Сол¬танбектің айтуынша, қазір бұл университетте Ядролық физика кафедрасының жұмыс істеп жат¬қанына 15 жылдан асты. Онда 600-ге тарта бакалавр, 200-ден астам магистрант, 100-ге тарта докторант даярланған. «Біздің кафедраның өзгелерден ерекшелігі – бакалавр студенттер 4 жыл емес, 5 жыл бойы білім алады. Себебі соңғы курста арнайы бағдарлама арқылы Ресейдің Дубна қаласындағы ғылыми орталыққа барып, білімін толықтырады. Сөйтіп, біздің бакалаврлар екі жоғары оқу орнының дипломын қатар алып шығады. Елімізде ядролық физика саласының қаншалықты маңызды екенін, бүкіл әлем ел¬дерінде осы сала мамандары үлкен сұранысқа ие екенін осыдан да көруге болады. Сондықтан әрбір отандасымыз бейбіт атом – болашақтың сенімді энергия көзі екенін терең түсініп, ұққаны дұрыс», дейді докторант.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT