Экономист Ғалымжан Айтқазин жетекшілік ететін «Tengenomika» арнасының жазуынша, АЭС оңай игеретін жоба емес, сол себепті барлық тәуекелі ескерілуге тиіс.
«Біріншіден, АЭС құрылысы арзанға шықпайды, ол ертеңгі күні бюджетке ауыр жүктеме түсіруі мүмкін. Референдум қорытындысы оң болған жағдайда максималды ашықтыққа негізделген қаржы¬ландыру схемасын жасау қажет. Бұл жемқорлық факторын мейлін¬ше жұмсартады және қажетті қаржы¬ландыруды қамтамасыз етеді. Екін¬шіден, жеткізушіні таңдау мейлінше ашық және барлық экономикବлық, саяси, әлеуметтік факторды ес¬керіп жүзеге асуға тиіс.
Атом электр генерациясы – пайдалану мерзімі тұрғысынан да, төмен көміртекті болуы тұрғысынан да барынша оңтай¬лы және ұзақмерзімді шешім болып көрінеді», дейді сарапшы. Қазірдің өзінде АЭС мердігер¬лері – әлеуетті компаниялар бел¬гілі секілді. Олар – KHNP (Оңтүс¬тік Корея), EDF (Франция), «GE-Hitachi», «NuScale» (АҚШ) және «Росатом» (Ресей).