Мемлекет дамуының алтын арқауы – адал еңбек. Ал сол еңбекті өз өмірінің жолына айналдырған жұмысшы мамандар – біздің қоғамның шын мәніндегі батырлары. Олар көптің алдында мақтанбайды, дабыра қумайды, бірақ ел игілігі жолында күн сайын маңдай терімен тарих жазып келеді.
Ауыл шаруашылығында, құрылыс пен жол саласында, электр желілерін тарту мен көлік жүргізуде, тазалық пен көгалдандыруда аянбай еңбек етіп жүрген жандар – аудан тіршілігінің жүрегі іспетті. Оларсыз ауыл дамуы, тұрмыс түзелуі мүмкін емес.
Біз осындай нағыз еңбек майталмандарының еңбегін әрдайым жоғары бағалаймыз. Себебі елдің ертеңі – осындай елеусіз көрінетін, бірақ ерен іске толы еңбектердің арқасында қалыптасады. Жастарға үлгі боларлық жұмысшы мамандарымыз – қарапайымдылығымен биік, еңбегімен ұлы.
Ж.Түгелбаев
Махамбет аудандық
мүгедектер қоғамының төрағасы