Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Қаңтар оқиғасы» бойынша 3024 қылмыстық іс тергелуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесін өткізді.

"Бүгін Ақордада ҚР Қауіпсіздік кеңесінің  жедел кеңесі өтті, онда ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бірінші кезектегі міндет екендігін атап өтті.

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов "Алматы трагедиясы" оқиғасын тергеу барысы туралы  есеп берді.

Қазіргі таңда 3 024 қылмыстық іс тергелуде.

"Тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша 177 іс жүргізуде.

779 адам қамауда.

Оның ішінде, 24 адам ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі.

109 адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, жеке кепілдікке ауыстырылды.

Тәртіпсіздіктерге қатысуының дәлелденбеуіне байланысты, 103 адам босатылды" деп атап өтті бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов.

Прокуратура ұсталғандардың азаптау туралы әрбір хабарламасын тексеріп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT