Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған 750-ден астам қару табылды

Ұрланған атыс қаруын анықтау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде деструктивті діни ағымының жақтаушысы «С» есімді азамат ұсталды, одан «Оружейник» аңшылық дүкенінен ұрланған 12-ші калибрлі винчестер мен «Қорған» дүкенінен ұрланған 2 мылтық табылды.

Таразда «Д» есімді азамат ұсталды, одан Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған 4 «Макаров» тапаншасы мен 131 оның оқтары тәркіленді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов тергеу нәтижелерімен таныстырып өтті.

«Алматы облысында «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының атыс қаруының сақтау орындары табылды, олар өз қаруларын Талғар ауданы, Бәйтерек кентінің шетіндегі қараусыз қалған ғимаратта сақтаған. Аталған жерде 28 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 2 «Калашников» автоматы, 3 «Макаров» тапаншасы, шетелдік өндірістің 4 тапаншасы, 5 екі ұңғылы және 10 бір ұңғылы мылтық, 2 шолақ мылтық, түрлі калибрлі оқтар, жарық-шу гранаталары мен бронижилеттер табылды. Жалпы, ел бойынша құқық қорғау органдары «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған 750-ден астам мылтық және тегіс ұңғылы қаруды тапты», - деді спикер. 

Ең көп саны Жамбыл облысында 281 бірлік, Алматы қаласында 249 және Алматы облысында 201 қару тәркіленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT