Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында фронт-кеңсеге 3215 өтініш келіп түсті

2022 жылдың қаңтар-ақпан айында Атырау облысы бойынша 3215 өтініш келіп түсті.

Оның ішінде, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындар саны – 388.  Салалары бойынша: жер қатынастары – 1586, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер – 393, әлеуметтік қамту мәселелері – 88, еңбек қатынастары – 298, құқық қорғау мәселлері – 48, мәдени мәселелер – 34, көші-қон мәселелері – 51,  құрылыс – 53, денсаулық – 79, білім – 67, жұмыспен қамту – 51, ауыл шаруашылығы – 112, басқа да мәселелер бойынша – 355.

Есепті кезеңде облыстың барлық деңгейдегі әкімдермен 110 қабылдау өткізіліп, онда 313 азамат қабылданды. Қабылдау қорытындысы бойынша 24 азаматың мәселесі оң шешіліп, 254 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.

Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 263 азамат өтініш білдірді. Олар:  тұрғын үй – 77, денсаулық – 30, әлеуметтік көмек – 10, білім – 12, жұмыспен қамту - 13,  жерді пайдалану - 16, жол салу – 6, кәсіпкерлік – 10, құрылыс – 3,  мәдениет – 4, ауыл шаруашылығы – 7, қаржы - 1, тағы да басқа мәселелер бойынша – 74. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.

 Фронт-кеңсеге келген азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасақталған меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521