Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

98 тегіс ұңғылы аңшы қаруы тіркелді

«Арман» мәдениет үйінде Миялы ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Айбек Сәрсенғалиев 2020 жылдың қаңтар айында жасалған жұмыстары бойынша ауыл тұрғындары алдында есеп берді.

Жиынға аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Решад Нәсіпқалиев және мекеме қызметкерлері қатысты. Алдымен баяндама жасаған учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Айбек Сәрсенғалиевтың айтуынша, Миялы ауылдық округі бойынша №1 учаскелік полиция пунктінде үш полиция инспекторы тыныштықты күзетеді. Округ халқының саны – 7300. Сондай-ақ, ауылда 1337 тұрғын үй, 60 мекеме, 63 азық-түлік дүкені және 13 тамақтану орны бар. Өткен айдың ішінде тұрғындардан 5 арыз түсіп, оның барлығы заң аясында қаралды.

arabasov

Одан бөлек учаскелік полиция инспекторлары 27 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, хаттама толтырды. Қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тұрмыс», «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Борышкер» іс-шаралары тұрақты түрде өтіп келеді. Округ бойынша 28 адам профилактикалық есепте тұрады. Ал, округ бойынша 83 адамға тиесілі 98 тегіс ұңғылы аңшы қаруы тіркелді. Қару иелерінің қару сақтау заңдылықтары үнемі қадағаланып, учаскелік полициялар бақылап отыр. Есептік ай ішінде бір қылмыстық оқиға тіркелген. Өткен жылы осы мерзім ішінде 3 қылмыстық іс есепке алынды.

Жиын барысында, сөз сөйлеген ауыл тұрғыны Хамидолла Әбдірахманов ауыл ішінде қоқыс өртейтіндер көп екендігін тілге тиек етсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізетін жүргізушілерді тәртіпке салу керек деген пікір білдірді. Ал, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Марат Күзембаев жаппа пешті пайдаланған кезде сақтық шараларын қатаң сақтап, шарбақ ішінде қоқыстарды өртемеуге, қар ерігенде су жиналатын жерлерге шағын шұңқыр қазып, қауіптің алдын алуға шақырды. Жиынды қорытындылаған округ әкімі Қайырғали Базарбаев айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жұмыс барысында ескерілетіндігін қаперге берді.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT