Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

7 мың жұмысшы ТШО компаниясының өзге жобаларында қалады

«Бұл туралы бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Ризабек Артығалиев мәлім етті»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысында “Теңізшевройл” ЖШС-нің мердігер компанияларынан қызметкерлердің босатылуы және оларды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ еңбек ұжымдары арасындағы еңбек дауларын болдырмау мен еңбек қатынастарының жағдайы жөніндегі мәселелер қаралды. Өз кезегінде Ризабек Артығалиев Болашақ Кеңею жобасының бітуіне байланысты жыл соңына дейін босатылуы жоспарланған жұмысшылардың 7 мыңнан астамын компания өзіндегі өзге жобаларға жұмысқа алуды қарастырып отырғанын жеткізді.

Ал, бұған дейін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Теңізшевройл» компаниясынан босатылатын жұмысшылар мемлекеттік бағдарламалар және инвестициялық жобалардағы өзге де жұмыс орындарына тартылатынын мәлімдеген болатын. Өз кезегінде, облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров еңбек даулары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. «2021 жылдың ақпанынан күні бүгінге дейін еңбек тәуекелдігінде 56 мекеме болса, оның 49-ның даулары шешімін тапты. Қазір 52 жұмысшының алдындағы 8 миллион теңге берешегі бар 3 мекемемен жұмыстар жүргізілуде»,-деді ол. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұл бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстауды ескертіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

«Келешек кеңею жобасынан жыл соңына дейін босатылады деп жоспарларанғандардан басқа жұмысқа ауыстырылатындардың тізімін сапалы етіп жасап, әкімдікке уақытылы ұсыныңыздар. Жобадан босатылатын жұмысшылардың аты-жөні, құжаты, мамандығы, мекен-жайы, байланыс нөмірі көрсетілген тізімін бір ай бұрын, ал нақты босатылған жұмысшылардың тізімін әр айдың басында беруді тапсырамын. Алдағы айларда босатылатын жұмысшыларды жұмысқа орналастыруды жоспарлау үшін, алдағы 3 айдың болжамын жолдаңыздар. Босатылған жұмысшылар мердігерлік мекемелерге жұмысқа орналасуына ықпал етіңіздер. Жұмысқа орналастыру кезінде жергілікті тұрғындарға басымдық беру жағын да ойластыру керек. Бүгінгі комиссияда қаралған жұмыс берушілер еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбекақы берешектерінің төлемеу жағдайларына жол бермеу және алдын алу іс-шараларын қабылдаңыздар»,-деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыста орналасқан мекемелер бойынша еңбек дауларын болдырмау, алдын алу іс-шараларын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Оған қоса, барлық ірі кәсіпорындардың басшыларына 2022 жылы ашылатын жұмыс орындары мен қажетті мамандықтары және адам саны туралы ақпараттарды тұрақты түрде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолдауды қадап айтты.

«Мердігер, қосалқы мердігер компаниялардың басшыларымен тығыз байланыста болып, жалақы төлемеуге жол бермеуді, заң бұзушылықтарды болдырмауды қатаң бақылауда ұстап, жұмысшылар арасында наразылық тудырмау іс-шараларын қолға алуды тапсырамын»,-деді облыс әкімі.

Айта кетейік, жиынға облыстағы мұнай-газ секторындағы сондай-ақ өзге де негізгі жұмыс беруші ірі компаниялардың басшылары қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT