Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

7 млрд теңге көлемінде залалды өтеу туралы 530 ұйғарым шығарылды - Экология министрлігі

 2021 жылы республика бойынша экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша 1 мыңнан астам тексеру жүргізілді. 3299 бұзушылық анықталды. 27,3 млн теңгеге 2046 әкімшілік айыппұл салынды. 7 млрд теңге көлемінде залалды өтеу туралы 530 ұйғарым берілді. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов келтірді.

Шаруашылық қызметті тоқтата тұру туралы сот шешімімен 148 талап қанағаттандырылды. Бірақ, спикердің пікірінше, бастысы бұл емес.   

«Мәні айыппұлда емес, тоқтатуда емес, зиянда емес, бақылау нәтижесінде компаниялардың не істейтіндігінде. Соның бір жарқын мысалы - «Қазмырыш» ЖШС. Тазарту құрылысы бойынша ұйғарым берілді. Қазіргі уақытта компания құрылыстарды қайта құру және төгінділерде шоғырланудың ұлғаюына жол бермеу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Кодекске ремедиация, яғни бұзушыларға қатысты базалық жағдайға дейін жеткізу, бұзылған табиғи ортаны қалпына келтіру сияқты жаңа ұғым енгізілген. Мысалы, Қарағанды облысында: «Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» - жер бедеріне заңсыз тастау нәтижесінде қоршаған орта компоненттерінің жоғалған қасиеттерін қалпына келтіру бойынша ремедиация жүргізілді», - деді ведомство өкілі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT