Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

52 елде 65 учаскелік комиссия құрылды

Қазақстандықтар 52 шет мемлекетте 5 маусым күні өтетін референдумға қатыса алады. Шетелдегі ел өкілдіктері жанынан 65 учаскелік комиссия құрылған. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігі ресми сайттарында хабарлады.

«ҚР шетелдегі мекеме­лерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2022 жыл­ғы 5 маусым) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіле­тін болады. Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай да­йындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала ха­бар­ласып, сайлаушылар тізі­міне енгізу үшін мәлімет беру­лерін сұраймыз, делінген Ми­нистрлік хабарламасында.

Дауыс беруге сайлау құқы­ғы бар, тиісті шет мемлекет­те тұратын немесе жеке, қызметтік, іскерлік, туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Респуб­лика­сының азаматтары учас­келік комиссия құрылған Қазақ­станның дипломатиялық өкіл­дігіне жүгіне алады.

Елу екі елдегі учаскелік сайлау комиссияларының нөмірлері мен мекен-жайлары Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында орналасқан.

 

Гүлнар ЖОЛЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT