Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

351 ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген Ұлттық даму жоспарында дамудың жаңа моделінде мемлекеттік мүдделер азаматтың айналасында тоғысатындығы айқындалып, оны қалыптастыру игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, адами капиталды дамыту, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілік секілді 7 негізгі қағидатқа негізделген.

Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жыл басынан бері 351 тұлғаның құқығы қалпына келтірілді. Оның ішінде, арыз-шағымдарды қарау, қорытындысы бойынша 25 азаматтың құқығы қорғалып, 334 981 теңге көлемінде қаражаттары өндірілген болса, 326 қатардағы мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды. Департамент қызметінде заңдылық, ашықтық, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы қағидатарына негізделген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы – Департаменттың басты назарында. Осы тұста, бірқатар бастамашыл талдау жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы, оның ішінде, іссапар шығындарының төлеу барысында тиісті талаптардың бұзушылығының алдын алу мақсатында Департаментпен талдау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда, 169 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, сәйкесінше, шамамен 13,2 милллион теңге қаражаттары өндірілген болса, негізсіз артық төленген 154 мың теңге көлеміндегі іссапар шығыны бюджетке кері қайтарылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары бұзыла отырып, негізсіз 2 мемлекеттік қызметшіге тәртіртіп жаза қолдану туралы өкімдердің күштері жойылса, 1 мемлекеттік қызметшіден негізсіз бюджетке қайтарылған 182 мың теңге көлеміндегі қосымша ақысы қайта өндірілді. Бұдан өзге, артық жұмыс жасау фатілерінің жолын кесу мақсатында жүргізілген талдау қорытындысымен қазіргі таңда 116 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалып, оларға тиесілі демалыс уақыттары берілген болса, артық жұмысқа негізсіз тартуға жол берген 9 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Атап өту қажет, заңнамалық толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілген. Осы тұжырымдамада мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктерін көрсете отырып, сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытында нақты жоспарлар айқындалған. Ендігі уақытта департаменттің алдында осы тұжырымдама аясында да бірқатар шараларды атқару жұмыстары көзделген.

Н.ЕРКЕБАЕВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT