Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

23 маусым - Қазақстан Полициясы күні

Құрметті ауданымыздың полиция қызметкерлері!

Сіздерді 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ішкі істер органдары мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.

Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтап, беріктікті нығайту мақсатында құрылған қазақстандық полиция қызметі бұл күндері Тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Олардың қатарында, Қызылқоға ауданы полиция қызметкерлері де бар екендігін мақтанышпен айта аламыз. Отанымыздың, ел аумағының бүтіндігін сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етуді, халықтың тыныштығын алатын лаңкестерге қарсы ұйымшылдықпен күресуді, мемлекетке қауіп төндіретін кез-келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұруды мақсат еткен полиция қызметінің ел өміріндегі алар орны орасан зор. Әрдайым аудан халқының тыныштығын қырағы күзетіп, оны қорғауға және қылмыстардың белең алуына тойтарыс берудегі кәсібиліктеріңіз, қызмет барысындағы жоғары іскерліктеріңіз, халық арасында заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі жанқияр еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық.

Себебі, Сіздердің кәсіби қызметтеріңіз үлкен жауапкершілік жүктейді және кез-келген қауіп-қатерге тайсалмай қарсы тұруымен ерекшеленеді. Жергілікті полиция қызметкерлері бүгінгі әлемдік пандемия бел алған шақта, халқымыздың тәртіпке бағынуы мен өңірде ауыр дерттің өршуінің алдын-алу жолында күн-түн демей, қажырлы жұмыстануда.

Сіздерге төл мерекелеріңіз – қазақстандық полиция күні қарсаңында мемлекетіміз бен азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғам мен ел тыныштығын сақтау жолында күш-жігер мен төзімділікті, әділдік пен жауаптылықты талап ететін құқық қорғау саласындағы абыройлы да адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін! Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілеймін!

Құрметпен,

аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521