Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

2026 жылдан мұнай өндіру көлемі 100 млн тоннадан асады — Алмасадам Сәтқалиев

KAZINFORM — Биылғы 10 айда 73,5 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында мұнай саласын дамытуды талқылау кезінде ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

«10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 73,5 млн тоннаны құрады. Биыл 88,4 млн тонна мұнай өндіру ескерілген. Жоспармен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі Теңіз және Қашаған ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты. Сондай-ақ, өндіріс көлемінің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс жұмыстың тоқтауы мен Орынбор газ өңдеу зауытында газ алуға шектеулер әсер етті. Өндіріс деңгейінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің орындалуы да әсер етіп отыр», — деді А. Сәтқалиев.

Оның айтуынша, Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қатысып отыр. Қазақстан үшін басқа елдер сияқты 2024 жылға тиісті міндеттемелер белгіленген. Келісімнің талаптарын орындау әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін қажет.

«Еліміздің мұнай-газ кешенін дамытуда елімізде мұнай өндірудің 65 пайызын құрайтын үш ірі кен орны маңызды рөл атқарады. Жобаларды іске асыру басталғаннан бері жалпы тікелей инвестиция көлемі шамамен 185 млрд АҚШ долларын құрады. Болжамдарға сәйкес, 2026 жылдан бастап ірі жобаларды жүзеге асыру есебінен жылдық мұнай өндіру көлемі 100 млн тоннадан асады. Теңізшевройл мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруды қамтамасыз ететін Келешек кеңейту жобасын жүзеге асырып отыр. Қарашығанақта бесінші компрессордағы жұмыстар аяқталды, шикі газды қайта айдау үшін алтыншы компрессорды іске қосу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл мұнай өндіруін жылына 11-12 млн тонна деңгейінде сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте кен орнында қуаттылығы 4 млрд текше метр газды өңдейтін зауытты салу жобасы жүзеге асырылып отыр. Аяқталу мерзімі — 2028 жылдың соңы», — деді министр.

Ведомство басшысы Қашағанда 2026 жылдан бастап мұнай өндіруді 1 млн тоннаға арттыруды көздейтін қуаты жылына 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жұмысы атқарылып жатқанын еске салды.

«Сонымен қатар 2029 жылы қуаты жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу арқылы мұнай өндіруді 2 млн тоннаға арттыруды қамтамасыз ету қарастырылған. Жалпы алғанда, үш ірі жобадағы мұнай өндіру республикадағы барлық мұнай өндірудің 70 пайызын құрайды, оған шамамен 17 млрд доллар инвестиция салынады», — деді министр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT