Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері қандай болады

Қаржы министрлігі «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасын ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта көрсетілгендей, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық, зейнетақы және күнкөріс шегі мына мөлшерде бекітіледі:

- жалақының ең төмен мөлшерi – 70 000 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;

- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;

- айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;

- базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болып белгiленсiн.

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 9,0 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін. Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,9 пайыз болып белгiленсiн», - делінген құжатта.

Сонымен қатар, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің мамандарына тұрғын үй мен коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында бекітілмек.

Заң жобасы 4 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT