«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ мен АЕК-тің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді» - деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалы.
Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3% - ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2% - ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады. Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді. Бірыңғай Жиынтық Төлем құрайды:
• қала тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3 063 теңге;
• ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейтін болады. Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл 11 млн-нан астам адам. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.