Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

2022 жылдан бастап көп балалы аналарға арналған жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

2022 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге дейін өседі. Осыған орай келесі жылдан бастап көп балалы аналарға арналған жәрдемақы көлемі өзгереді.

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі ЖОО-да күндізгі бөлімде оқитын студенттерге жәрдемақы отбасының табысының мөлшеріне қарамастан тағайындалады. 

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы сомасы былай өзгереді:

Төрт балалы отбасыға – 16,03 АЕК.

Жәрдемақы 2021 жылы 46 760 теңге болған, 2022 жылы 49 100 теңгеге өседі.

Бес балалы отбасыға – 20,04 АЕК.

Жәрдемақы 2021 жылы 58 457 теңге болған, 2022 жылы 61 383 теңгеге өседі.

Алты балалы отбасыға – 24,05 АЕК.

Жәрдемақы 2021 жылы 70 154 теңге болған, 2022 жылы 73 665 теңгеге өседі.

Жеті балалы отбасыға – 28,06 АЕК.

Жәрдемақы 2021 жылы 81 851 теңге болған, 2022 жылы 85 948 теңгеге өседі.

Жетінші баладан кейінгі әр балаға 4 АЕК. 2021 жылы 11 668 теңге болған, 2022 жылы 12 252 теңге қосылады. 

Айта кетсек, келесі жылдан бастап жәрдемақы мөлшерінен бөлек, құжат жасау құны мен айыппұл көлемі де өседі. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT