Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

10 желтоқсан – астананың ресми көшірілген күні

Осыдан 24 жыл бұрын, 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға ресми көшіру жүзеге асты.

Елорданы көшіру туралы ұсынысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің отырысында жария етті. Халық қалаулылары бұл идеяны қолдап, бірнеше жылдан кейін орталық мемлекеттік органдардың еліміздің жаңа бас қаласына көшуі басталды.

1995 жылдың 15 қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Жарлыққа қол қойып, онда биліктің жоғары және орталық органдарын Ақмола қаласына көшіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.

1997 жылғы 20 қазанда еліміздің Тұңғыш Президенті "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес Ақмола 1997 жылдың 10 желтоқсанында Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасына айналды.

Жарты жылдан кейін, 1998 жылдың маусым айында қаланың ресми тұсаукесерін өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылы жарық көрген "Еуразия жүрегінде" атты кітабында Елбасы астананы көшіру және елдің бас қаласы ретінде Ақмоланы таңдау себептері туралы әңгімеледі.

"Жаңа астананы іріктеудің барлық критерийлері негізінде Тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру мүмкіндігі басым болды. Мәселен, 1994 жылғы шілдеде Астананы 1000 шақырымнан астам солтүстікке, далалы Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданды... Ақмола Қазақстанның географиялық орталығына жақын және Қазақстан экономикасының жетекші және қарқынды өсу нүктелері болып табылатын маңызды шаруашылық өңірлеріне жақын орналасқан. Қала ірі көлік магистральдарының қиылысында орналасқан және осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерімен байланысқан. Сонымен қатар, қала Қазақстан үшін көптеген шет елдерге шығудың ең оңай жолы болып табылатын трансеуразиялық магистральдардың жанында орналасқан", - делінген кітапта.

Елбасының ақпараты бойынша, астананы көшіру туралы шешім қабылданған сәтте Ақмола халқының саны 290 мың адамды құрады. Осы жылдар ішінде өсім миллионға жуық болды, ал қазіргі Нұр-Сұлтанда 1 млн 200 мыңнан астам азамат тұрады.

Уақыт елорданы көшіру бүкіл Қазақстанды жаңғырту жөніндегі жүйелі реформалардың маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетті. Бұл үшін елдің бас қаласы танымастай өзгерді.

Бүгінде Елбасының тарихи және тағдыршешті жобасы болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласы – әлемдегі ең жас астана және Орталық Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан қала.

Жыл сайын қалада тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының қарқыны артып келеді. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін елордада 50 мың әлеуметтік пәтер, білім беру, медицина, спорт және т. б. нысандар салу жоспарланған.

 

Дереккөз: elorda.info

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT