Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

1 шілдеге дейін әскер қатарына 17 мыңнан астам азамат шақырылады

Биыл 1 наурызда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталады. Әскерге шақыру комиссияларын жергілікті жерлерде қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары басқарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов хабарлады.

1 шілдеге дейін Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның қатарын 17 мыңнан астам әскерге шақырылушы толықтырады. 

«Қолданыстағы заңға сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға негіздері жоқ 18-27 жасқа дейінгі, Қазақстан Республикасының азаматтары мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады. 2021 жылғы көктемгі әскерге шақырудан бастап, әскерге шақыруды кейінге қалдыру  немесе одан босату мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады. Олар азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Аталған қызметтерді көрсетуге  жергілікті атқарушы органдар жауапты болып табылады. 
Әскерге шақырылушыларды хабардар етуді SMS-хабарламалар тарату, сондай-ақ үй және қызметтік мекенжайлары бойынша жеке шақыру қағаздарын жолдау арқылы іске асыру жоспарлануда. Жас буынды ПТР зерттеуі 2 рет жүргізілетін болады:  біріншісі – әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екіншісі  – жас буын әскери бөлімдерге келген кезде», - деді спикер. 

Департаменті бастығы ниет білдірген әрбір азамат әскерге шақыру туралы ақпарат және өзін толғандырған сұрақтарға жауап ала алатынын атап өтті. Ол үшін қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде «Қарулы Күштер – Адалдық Алаңы» атты жобалық кеңсе  жұмыс істейді, әлеуметтік желілерде электрондық жәшіктер  мен ресми аккаунттар ашылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521