Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

1 қыркүйектен бастап қай сала мамандарының жалақысы өседі

Премьер-Министр Әлихан Смайылов бірқатар сала мамандарының жалақысын көтеруді көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагогтердің жекелеген санаттары үшін лауазымдық айлық (ЛА) (тарифтік мөлшерлемелері) аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады. Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілерінің ЛА арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады», - делінген қаулыда.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ордаларын қоспағанда, енді білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдық айлығы мына коэффициент негізінде есептеледі:

- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,25 мөлшерінде;

- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,5 мөлшерінде;

- 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,75 мөлшерінде;

- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мөлшерінде.

Ал балабақша мамандарының жалақысы келесі коэффициенттерді қолдана отырып есептеледі:

- 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,3 мөлшерінде.

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналы жұмыскерлерінің жалақысы болса былайша есептелмек:

- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,5 мөлшерінде;

- 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,75 мөлшерінде;

- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мөлшерінде.

Медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогтарының негізгі персоналы) лауазымдық айлығы да өседі:

- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,02 мөлшерінде;

- 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,63 мөлшерінде;

- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,73 мөлшерінде.

Сонымен қатар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогтарының негізгі персоналы):

- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,63 мөлшерінде;

- 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,95 мөлшерінде;

- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,05 мөлшерінде.

Бұған қоса, «Ұлттық» мәртебесі бар мемлекеттік мәдениет ұйымдары, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің лауазымдық жалақысы 1,75 мөлшерінде арттыру коэффициентін қолдана отырып есептеледі.

Ал, Ішкі істер органдары және Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің айлығы мына көтерме коэффициенттерді ескере отырып өседі:

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,32 мөлшерінде;

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,74 мөлшерінде;

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3,2 мөлшерінде.

«Осы қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс», - деп жазылған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойған қаулыда.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT