Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

1 ақпаннан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

«Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген» - дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Олар Ұлттық Банктің филиалдарында тек жеке тұлғаларға ғана айырбасталады. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2 а мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы кассасынан айырбастауға болады.

Кассаның жұмыс тәртібі: сағат 9:00 бастап 14:00-ге дейін, үзіліс: 12:00 ден 13:00-ге дейін. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады. Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады. Амин

Арайлым Асылбекқызы,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз