ЖЕМҚОРЛАРДЫ ӘЗІЛМЕН ТҮЙРЕДІ

«Арман» мәдениет үйі мен «Қызылқоға – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты көңілді тапқырлар сайысы болып өтті.

Оған Жангелдин, Ойыл, Тасшағыл, Жамбыл, Сағыз, Мұқыр, Миялы ауылдық округтерінен жеті команда қатысып, «Сәлемдесу», «Әуенді жамбы ату», «Үй тапсырмасы» бөлімдері бойынша сынға түсті. Ойын барысында қатысушы командалар тақырыпқа сай әзілдер айтып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың бет-бейнесін ашуға барынша тырысты.

azilkesh2

Алайда, аудандық деңгейде өткен сайысқа атүсті қарап, дайындықсыз келген командалар да табылды. Олардың бірінің әртістік қабілеті төмен болса, енді бір команда бұрын ойналған әзілдерді ойнап, сайыс шартын бұзып жатты. Ал, Миялы, Сағыз ауылынан қатысқан командалар болса жаңаша әзіл, қазақы қалжыңымен көрерменнің көңілін көтере білді.

Ойын соңында «Қызылқоға – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жәния Ізбасқан сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында ауданда жасалып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, жегіқұртпен күресте жастардың да қосар үлесі зор екенін атап өтті. Ойын қорытындысымен «Миялы құрамасы» жеңімпаз атанса, «Сағыз дубль» командасы екінші орынды, «Жамбылдық жігіттер» командасы үшінші орынды жеңіп алды. Ал, «Үздік ойыншы» атағы жангелдиндік Мирас Рүстемге берілді. Қалған командаларға ұйымдастырушылар атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Дулат БЕРІК

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика