Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған түсіндіру шарасы

Ағымдағы жылдың 24 қараша күні Мақат ауданы, Доссор кентіндегі мәдениет үйінде облыстық Жастар театрының «Жәннат» қойылымына арналған гастрольдік сапары ұйымдастырылды.

Қойылым алдын көрерменге Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының Аға жедел уәкілі Қанатбеков Бекзат Қанатбекұлы онлайн қауіпсіздік тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді. Спикер «Сандық тұзақтар: интернетте өз-өзіңді қалай қорғауға болады? Дипфейктер және жаңа қауіп-қатерлер» атты мазмұнды баяндама жасап, цифрлық кеңістіктегі алаяқтық түрлері, ақпараттық қауіпсіздік талаптары және жалған бейне-аудио материалдардың (дипфейктердің) қауіптілігі жөнінде маңызды деректермен бөлісті. Көрермен назарына арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылып, жасөспірімдер мен жастарға цифрлық сауаттылықты арттырудың маңызы түсіндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT