Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жұлдызды жұптар жарады

«Арман» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» жастар өнер фестивалі өтті.

zhzh12

Шара аясында белсенділік танытып, дауыстарымен ерекшеленіп жүрген Гүлдана Смағұлова мен Әйгерім Құрмашеваның орындауындағы Төлеген Айбергеновтің «Атамекен» және Бағлан Бабжанның «Ал, құрбым» әндері көрермен назарын өздеріне аудара білді. Сонымен қатар, Ринат Зайытовтың «Саған ғашық» және «Екіге жүрек бөлініп» әндерін Айбол Сағат пен Нұржанат Нұрболат, Құрал Молжановтың «Еліммен мақтанамын» және «Көздер-ай» әндерін Бисұлтан Мұхтаров пен Аружан Сенғалиева тамылжыта шырқап, Айхан Тұрсынғали мен Бекет Сағынайдың орындауындағы «Күйлер жиынтығы» кешті көркемдегендей болды. «Қыз қуу» және «Пивлин» билерін мың бұрала билеген Айжан Досқалиева мен Лизия Оқас жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

zhzh2

Осындай әні мен күйі, мың бұралған биі жарасқан әсем кешті қорытындылаған «Арман» мәдениет үйінің басшысы Кенжебек Бисенбаев жұлдызды жұптарға алғысын білдіріп, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

Алтынгүл Сарсенова,

«Арман» мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT