«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ауданда Астана күніне орай бүгін тазалық акциясы болып өтті.
Оған барлық мекеме қызметкері ұйымшылдықпен қатысты. Шараны ашқан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерсағын Құмаров:
- Экологиялық шаралар арқылы біз қоршаған ортаға деген мәдениетті қалыптастырамыз. Ауылымыздың тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғы шартын қалыптастыратын дәстүрге айналмақ. Осы мақсатта бүгін ауданда “Таза Қазақстан” акциясы өтуде. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде бастау алған игі шара. Бүгінгі шараға 200-ге жуық мекеме қызметкері мен
студенттер, «Жасыл ел» жасағының сарбаздарынан құралған жастар қатысуда, – деді.
Одан әрі акцияға қатысушылар өздеріне бөліп берілген "Ойыл" өзені бойындағы аумақтарын қоқыстан тазартты.
Сондай-ақ, бұл игі шара барлық ауылдық округте өткізілді.
Толығырақ газеттің келесі санынан оқи аласыздар.