Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен “Музейге саяхат” көрмесі өтті.
«Музейге саяхат» атты шараның мақсаты– өнерді дәріптеу, ұмытылмас мерекені ұйымдастыру арқылы көпшілік назарын музей ісіне аудару, суретшілер мен қолөнер шеберлерін қолдау мақсатында көпшілік назарына олардың туындыларын ұсыну.
Шара барысында келушілер музей залдарында 10 қолөнершінің шеберлік сағатына қатысып, витражды пленкаға сурет салу мүмкіндігіне ие болды.
Сондай-ақ көрменің ең қызықты сәті: саяхат жасаушылар тарихи тұлғалар кейпіндегі сахнагерлермен «Жанданған картина» жанында жүздесуі.
Бұдан басқа, жергілікті дизайнер ұсынған ұлттық киім колекциясынан дефиле өтті. “Музейге саяхатта” көптеген қызықты, танымдық шаралар, квест ойыны ұйымдастырылып, жеңімпаздарға ерекше сыйлықтар сыйланды.