Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Шебер – FEST 2025»: 50-ге жуық ұлттық қолөнер шебері Атырауда бас қосты

Өңірде «Шебер – FEST 2025» республикалық қолөнер шеберлерінің фестивалі өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Фестиваль Атырау облысы әкімдігі мен Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шараға еліміздің әр өңірінен 15 және жергілікті жерден 35 қолөнер шебері қатысып, барлығы 50-ге жуық өнер иесінің туындылары көрермен назарына ұсынылды. Фестиваль аясында ұлттық аспаптар, зергерлік әшекейлер, ағаш ою, киізден және теріден жасалған бұйымдар, ұлттық киімдер мен тұрмыстық заттар көрмеге қойылды.

Фестивальда қонақтар қолөнер көрмесін тамашалап қана қоймай, шеберлік сағаттарына қатысып, ұлттық ойындарды да көрді. Жас шеберлерге тәжірибелі қолөнершілер өз білгендерін үйретіп, шеберлік сабақтарын өткізді.

Сондай-ақ «Меруерт» би тобы мен өңірдің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да бұл іс-шараны дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT