Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

 Атырау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада болып  өтті. Оған барлығы 19 команда қатысып, олар спорттың 9 түрінен сынға түсті. Бұл сында өнер көрсеткен ауданның мемлекеттік қызметшілері жеңістің биік сатысынан көріне білді. Әсіресе, қазақ күресінен өткен сайыста аудан балуандарының асығы алшысынан түсті.

Атап айтқанда, 100 келі салмақта бақ сынаған  аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы Қуанышбек Қазбеков пен +100 келіде белдескен аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Сүндет Бағытжанов қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанса, 74 келіде Тасшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Роллан Қуанов пен 82 келіде Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дулат Мырзагереев екінші орынды жеңіп алды. Сол сияқты 90 келіде күрескен аудандық тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Бержан Қияқбай үшінші орынға қол жеткізді. Сөйтіп балуандарымыз бес салмақтың бәрінде де жүлдеге ілініп, командалық есепте бірінші орынды иеленді.

 Сонымен қатар, тоғызқұмалақтан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақнұр Аязбайқызы үшінші орынды, шахматтан Миялы ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары Өмірзақ Карин екінші орынды, Айжарқын Қабиева үшінші орынды иеленді. Одан бөлек аудан құрамасы стритбол мен арқан тартыстан  үшінші орынға қол жеткізді. Екі күнге созылған спартакиада қорытындысымен аудан құрамасы 19 команданың арасынан үздік үштікті түйіндеді. Бұл дода да  бірінші орын алған спортшылар республикалық спартакиадада облыс намысын қорғайтын болады.

 Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT