Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтай өткізу туралы

Биыл Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтай өткізу туралы өз шешімі мен ойын ортаға салып, былай деді:
«Осыдан үш жыл бұрын наурыз айында арнайы Жолдау жарияладым, оны білесіздер. Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық Құрылтай туралы бастама көтердім.

Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды», - деді.
Сонымен бірге ел басшысы өз кезегінде жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылғанын, үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарғанын, оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар екенін алға тартты. Әрі реформалар қатарында пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланғанын, биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтынын, түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін бергенін де атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT