Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ЕКІНШІ ОРЫН

 Мақат ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы облыстық спартакиада болып өтті.

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оған Атырау облысы әкімдігі, Қазынашылық департаменті, сондай-ақ Құрманғазы, Жылыой, Индер, Қызылқоға, Исатай, Махамбет және Мақат аудандарынан келген спортшылар спорттың 5 түрінен өзара сынға түсті. Осы сында ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері  бес асық (қыздар) пен асық атудан (ерлер)   II орынды, стритболдан (ерлер) ІІІ орынды жеңіп алып, жалпы командалық есеп нәтижесі бойынша ІІ орынға ие болды. Осылайша, аудан мерейін үстем етіп оралды.

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT