Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қалдықтан жасалған жаңа туынды таныстырылды

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын  Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі де қолдады. 24-сәуір күні өткен «Музейге саяхат» кезінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Атырау қаласындағы «Ait Gallery» өнер галереясының негізін қалаушы, өнер диллері Кенжебек Айтхожиннің қалдықтардан жасалған  жаңа туындылары тамашаланды.

Туынды негізінен үй немесе саяжай тұрмысында қажетті қалдықтардан (пластик ыдыстардан, қаптардан, банкалардан, картон қағаздан және т.б.) немесе басқа жерлерде пайдаланылатын бұйымдардан, инсталляциялардан, қалдық материалдардан жасалған. Аталған көрме көрерменін шығармашылыққа баулуға, эстетикалық танымдарын кеңейтуге, қоршаған ортаны қорғауға үйретуге және олардың экологиялық мәдениеттерін дамытуға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT